Жаңалықтар

Тұрмысқа шыққанға дейін қазақ қыздары басына орамал тақпаған

Күнделікті өмірде қыздар үкі қауырсынымен тақия киіп, шашбау тағып, тұмар ретінде қызмет ететін күміс зергерлік бұйымдарды таққан. Қыздар өсіп келе жатқанда, көйлектің етегіне қосымша қабаттар тігіліп, ұзартылған.

қазақ қыздары

Белгілі жазушы Зейнеп Ахметова былай дейді:

«Қазақ қыздары бұрын тұрмыс құрғанға дейiн орамал салмаған. «Басына орамал түстi» деген «ақ некелi әйел болды» деген ұғымды бiлдiрген. Күйеуге шықпай тұрып, орамал салу Кеңес өкiметiнiң келуiмен, комсомолмен бiрге келген. Қазақ қыздары оған дейiн кәмшат бөрiк, үкiлi тақия, моншақты сораба, шашақты қасаба, жырға секiлдi керемет сәндi бас киiмдердi киген. «Қыздың көркi – шаш» деп шаш күтiмiне ерекше мән бергендiктен «шашын он күн тарап, бес күн өрген» деп әнге қосып әсiрелеген. «Қолаң шаш», «сүмбiл шаш», «қара шаш», «алтын шаш» деген қазақ қыздарының шаш бiтiмiне орай берiлген әдемi теңеулер де бар. Ендi осындай шашқа тағатын шолпы, шашбау, шаштеңге сияқты әшекей бұйымдарды қосыңыз», – дейді.

қазақ қыздары

Әрине, қазақ халқының өткені, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары жыр-аңыздарда, эпостарда жырланады. Оны оқырман оқи отырып, көз алдына елестетеді. Музейде сақталған фотолардан ежелгі қазақтың кейпін көріп, тірі суреттердің сөйлеп тұрғанын байқауға әбден болады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button