Жаңалықтар

Түрмеде де бизнес жасауға болады

Соңғы екі айда облыстың түзеу мекемелерінің бірінде екі кәсіпорын жұмысын бастады. Онда сотталған 18 адам еңбекпен қамтылған. Бұл – «ContactTrade» және «UbisOil» ЖШС. «ContactTrade» ЖШС металл құрылымдар шығарады. Екіншісі ағаштан өнім жасайды, тігін өндірісімен айналысады. Бұл туралы облыстың прокуратурасы кәсіпкерлермен түзету жүйесі жағдайында бизнесті дамыту мәселелері бойынша кездесуде мәлімдеді.

Прокуратураның баяндауынша, екіжақты кездесудің мақсаты – сотталғандардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау.

Сонымен қатар, қылмыс салдарынан келген шығындарды өтеуге мүмкіндік беру. «Кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізу құқығында әрекет ететін «Еңбек» РМК-ның жұмысы таныстырылып, осы бағытта кәсіпкерлік жүргізудің артықшылықтары түсіндірілді. Оның ішінде, өндірістік жайларды жалға тегін беру, сотталғандардың жалақысының аса жоғары болмауы аталды.

Бүгінгі күні өңірде 1,5 мың сотталған тұлға жұмыспен қамтылған. Бұл жұмысқа қабілеттілерінің 76% құрайды» – дейді прокуратура мамандары.

Басқа материалдар

Back to top button