Тұрақтылық – табыс кепілі
Өткен сенбіде облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды қаласындағы Свято-Введенск соборында болып, православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
– Бұл – адамдардың жүрегіне махаббат, мейірімділік пен ізгілік нәрін себетін айтулы мерекелердің бірі. Олар басқа да діндердің моральдық негіздерімен үндесе келіп, адамзат баласын бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақырады. Біздің Отанымыз Қазақстан бүгінде Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, дәл осындай этносаралық және конфессияаралық келісімнің тамаша үлгісіне айналып отыр. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісімнің арқасында біз Тәуелсіздік жылдарында толағай табыстарға қол жеткіздік, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы өткен жылдың біздің өңіріміздегі Орыс православ шіркеуі үшін маңызды оқиғаларға толы болғандығын атап өтті.
– Өңіріміздегі православ дін өкілдерінің қызметі бұдан әрі де рухани дүниемізді нығайтып, адамгершілік құндылықтарын уағыздауға бағытталады деп сенемін, – деді сөз соңында Н.Әбдібеков.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
Суретті түсірген:
Л.ГАЛИМОВ.