Тұрғындар жылуды тоқтатуға асықпайды
Өткен жылдан бастап қарағандылықтар үйлерінде жылыту маусымы қашан аяқталатынын өздері шеше алатын құқыққа ие болған еді. Егер бұрын барлық жерде жылу беру үш күн бойы орташа тәуліктік температура 10 градустан жоғары болғаннан кейін тоқтатылса, енді жылу тұрғындардың өтініштері бойынша өшіріледі.

Батареялардың пәтерлерде ыстық болуын тоқтату үшін ПИК, ПТ немесе «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не үйді ажыратуға өтінім беруі тиіс.
«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-і бүгінгі күні қала тұрғындарынан жылу беруді тоқтатуға өтінімдер болмағанын хабарлады. Әзірге ешкім жылытудан бас тартуға асығар емес.
Естеріңізге сала кетейік, басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не, «Пригородная» көшесі, 9/2 мекенжайы бойынша жедел-диспетчерлік қызметке жазбаша түрде беру қажет.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz