Қарағанды облысында жылу тоқтатылады
Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшіріледі. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Құрметті қарағандылықтар! Жылыту маусымы аяқталуға жақын. Тұрғындардың тарапынан наразылықты болдырмау үшін, өткен жылғыдай тұтынушылардың өтініштері бойынша жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Сол себепті ПИК, ҚҚ немесе МИБ органдары «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі қажет, тиісінше аталмыш қызмет бір тәулік ішінде жүргізілетін болады,-делінген жазбасында.
Басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді «Пригородная» көшесі, 9/2 мекенжайында орналасқан «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне жазбаша түрде беру қажет.
Қалада жылыту маусымы үш күн ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°C және одан жоғары болған кезде толық аяқталады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz