Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Қарағанды облысында  28 метрден жоғары биік үйлерде (10 қабатты үйлер және одан жоғары) өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. 

Облыстағы мұндай үйлердің жалпы саны – 176. Қазіргі уақытта бұл үйлерде профилактикалық тексерулер мен оқу-жаттығулары жүргізілуде. Бірақ, өкінішке қарай, барлық үйлерде өрт сөндіру жүйелері мен жабдықтары талаптарға сай келемейді. Барлығы 140 жоғары қабатты тұрғын үй қаралды. Көптеген үйлерде өрт сөндіру крандарындағы судың, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болмауы байқалды. Сондай-ақ көтергіш сорғылар, лифтті негізгі қону қабатына автоматты түрде түсіру құралы, түтінсіз баспалдақтардың есіктерін өздігінен жабу механизмдері істен шыққан. Көптеген тұрғындар өрт сөндіру құралдарын қалай қолдануды білмейді.

Апаттық люктер 5 қабаттан жоғары барлық үйлерде бар, бірақ тексерілген пәтерлерде олар дәнекерленген, үстіне заттар төселген немесе баспалдақтармен бірге бөлшектелген.

Алматы қаласындағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрт апаттық люктердің ақауы салдарынан шыққандығы жақсы мысал болып табылады. Шұғыл эвакуациялауға арналған осы үйдің балкондарындағы апаттық люктерді пәтер тұрғындары жауып тастағаны анықталды.

Осыған орай, балкондар мен лоджиялардағы люктерді дәнекерлеуге және авариялық баспалдақтарды бөлшектеуге, өту жолдарын жабуға қатаң тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.