Тұрғын үй мәселесін шешу үшін “5-10-20” бағдарламасы қабылданады
Қазақстанда тұрғын үй мәселесін шешу үшін жаңа бағдарлама қабылданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.
«Экономиканың өсімі мен жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың қуатты стимулы – қолжетімді тұрғын үй құрылысы болуы керек. Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын», – деді Президент.
Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазынадан 390 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, халықты баспанамен қамту – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі.