Спорт

«Тұлпар» футзалдан ел чемпионы атанды

Бірінші лига командалары арасында футзалдан ел чемпионатының кубогы сарапқа салынған болатын. Аталған турнирде қарағандылық «Тұлпар» шағын футбол командасы ел чемпионы атанып, суперлигаға жолдама иеленді. Әрі команда ойыншысы Артем Аншаков турнирдің «Үздік ойыншысы», Станислав Васильев – «Үздік сұрмергені» атанды.

Суреттер: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ел чемпионаты екі кезеңде өтті. Оған бес команда қатысып, өзара сынға түсті. Оның үшеуі қарағандылық «Тұлпар», «Биосфера» және «ТЧЭ-14» клубы. Тараздан – «Омега», Алматы облысынан – «ҚазГАСА» клубы бақ сынады.

Бірінші кезеңде әр команда бір-бірімен ойнап, ұпай жинаған болатын. Нәтижесінде, бұл кезеңде «Тұлпар» жеңімпаз атанды. Ал, «Биосфера» 13 ұпай айырмашылығымен «Тұлпардан» қалып, ІІ орын иеленді.

Қос команда плей-офф кезеңінде ойнап, нәтижесінде 3:1 есебімен «Тұлпар» жеңіске жетті. Кездесу Астанадағы «Жекпе-жек» сарайында өтті.

– Финалдық кездесу тартысты өтті. Ойын басталысымен басымдыққа ие болдық. Екі гол салғаннан кейін қарсыластар шабуылдауын ширата түсті. Нәтижесінде олар есеп алшақтығын қысқартты. Екінші таймда біз қорғанысқа қатты көңіл бөлдік. Тіпті, ойын ережесін бес мәрте бұзып үлгердік. Соңғы минуттарда үшінші голды салып, ойынға нүкте қойдық. Осы мачта қақпашы керемет өнер көрсетіп, ойынды алып шықты, – деді «Тұлпар» командасының жаттықтырушысы Александр Гребонос.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button