Спорт

Сәуір айында үш кездесу

Қарағандылық «Шахтер» клубы сәуір айында үш кездесу өткізеді. Оның екеуі – ел чемпионатындағы кездесу, біреуі – ел кубогі сарапқа салынған дода.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жерлестер 7 сәуірде өз алаңында «Астана» клубын қабылдайды. Қос команда осы турнирде былтырғы маусымда екі мәрте кездескен. Оның біреуінде елордалықтар жеңіске жетсе, екіншісінде тең түскен.

14 сәуірде Қазақстан кубогінің 1/8 финалында сырт алаңда семейлік «Елімай» клубымен бірінші ойынын өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб 1/4 финалда «Оңтүстік академия» және «Қызылжар» клубтары арасында өткен кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Ал, 21 сәуірде ел чемпионаты аясында сырт алаңда талдықорғандық «Жетісу» клубымен кездеседі. Былтыр қос команда осы чемпионатта екі рет кездескен. Біреуінде өз алаңында жерлестер 0:1 есебімен жеңілсе, екінші кездесуінде сырт алаңда 1:3 есебімен есе қайтарған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button