Білім

Сыни ойлау шеберлері

Астанада 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пікірсайыс турнирінде Қарағандыдағы Н.Нұрмақов атындағы мектеп-лицейі командасы жүлделі орынға ие болды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен өздерінің дағдылары мен таланттарын көрсеткісі келген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі лигаларынан 180 жас пікірсайысшы қатысты. Қарағандының №1 Білім-инновация лицейі және Н.Нұрмақов атындағы мектеп-лицейі командалары облыстың намысын қорғады. Пікірталастар жас спикерлер сыни ойлаудың шеберлігін ғана емес, сонымен бірге шындықты іздеуге деген шынайы ұмтылыстарын көрсетті.

Сайыс қорытындысы ағылшын лигасы бойынша І орын – «Nurmakov B» лигасы жеңіп алды. Орыс лигасында ІІІ орынды – «Nurmakov С» лигасы жеңіп алды. Республиканың «Үздік спикер» аталымын Аяжан Олжагелді иеленді.

Турнир жеңімпаздары диплом, кубоктар және оның жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы құттықтады.

Сондай-ақ, оқушылар арасында жылдар бойы пікірсайыс қозғалысының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Балалық шақтың досы» медалімен Ляззат Маликова (БИЛ) және Айдана Тұтқыш (Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ) марапатталды.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button