АймақБалқаш

Сым өндірісінде өрлеу бар

Бүгінгі таңда эмальданған сымға сұраныс жоғары. Өйткені, эмальданған сым – әмбебап материал. Әсіресе, электр құрылғыларының, аппараттардың, өлшегіш және реттегіш аспаптар мен жабдықтардың қозғалтқыш орамаларын, тұтандырғыш катушкалар мен төмен вольтті құрғақ трансформаторлардың орамаларын жасауда кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде белгілі компания «Kazakhmys Smelting» ЖШС эмальданған сымдарды шығаруда алдыңғы лектен көрініп отыр.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зауытта өнімділігі жыл сайын 12 мың тоннадан астам эмальданған сым және 4 мың тонна мыс сым болатын заманауи еуропалық желі іске қосылған.

Айта кетейік, «Қазақмыстың» Балқаш қаласындағы өз мыс катанкасынан дайындалатын ПЭЭИ1 (1,2) – 200 және ПЭЭИД1 (1,2) – 210 типті сымдардың диаметрі 0,2-ден 2,0 мм-ге дейінгі жуандықты құрайды.

Нұрдос КӘРІМ,

БАЛҚАШ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button