Жаңалықтар

«Сыйға – сый…»

    «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Мейірімділік бумерангі» атты жаңажылдық сыйлық алмасу акциясын бастады.

Енді, Жаңа жыл қарсаңында еліміздің басқа шегінде тұрып жатқан, мүлдем бейтаныс жанды қуанту, не болмаса құпия адамнан сыйлық алу осы акция арқылы мүмкін болады. Мәселен, «Қазпошта» АҚ сайтына (post.kz) тіркелген адам кездейсоқ бір мекен-жайды алып, оған кішігірім болсын сыйлық жіберуі керек.

Аталған акция 2014 жылдан бері пошташылар өткізіп келген «Аяз Атаға хат» акциясының баламасы сияқты.

«Қазпошта» АҚ-ның ресми хабарламасында: «Біз бұл жобаны тегін сыйлық алуға құштар болғандықтан ұйымдастырған жоқ­пыз. Біз өзіміз сыйлық беруді үйренудеміз. Тек, сыйлық қана емес, елге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз», – деп жазылған.

Жобаға үйіңізде отырып-ақ қатыса аласыз. «Қазпошта» АҚ Қарағанды филиалы маркетинг секторының бас маманы Сәния Аймағамбетованың айтуынша, «Мейірімділік бумерангі» акциясына қатысқысы келетін адам әуелі сайтта өтініш қалдыруы керек. Егер, сіз сыйлық жіберетін мекен-жайды таңдасаңыз, онда сіздің де мекен-жайыңыз біреуге түскеніне кепілдік бар. Демек, сыйлық берушінің өзі де сыйлық алады.

Бұған дейін акцияға еліміз бойынша 561 адам қатысқан. 77 сыйлық көрсетілген мекен-жайларға бағытталған.

Айтпақшы, «Мейірімділік бу­­мерангінің» алғашқы 500 қатысушысы «Қазпоштадан» сыйлықтар алады. Акция 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button