Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық сағымызды сындырады

                ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағыты Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мәселесіне бағытталғаны белгілі. Бұл бағытта Елбасы «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді» деген болатын. Осыған байланысты, жуырда ҚарМТУ жанынан құрылған Инновациялық технологиялар колледжі қабырғасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне қатысты студенттер арасында іс-шара өткізілді.

Аталған шараға колледжіміздің барлық ұстаздары белсене қатысып, түсіндіру жұмыстарын тыңғылықты атқарды. Өз кезегінде, студенттер қауымы да орамды ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты іс-шарада студенттер арасында сауалнамалар жүргізілді. Студенттер «Жемқорлық» жайында өз пікірлерімен бөлісті.

– Расымен де, жемқорлық бізді алға жетелемейді. Керісінше, жүйелі білім алуымызға кедергі келтіріп, ой-өрісімізді таяздатады, – деді колледждің 1 курс студенті Аружан Бастами.

Барлық топтарда осы тақырыптағы куратор сағаттары өткізілді. Колледж қабырғасында құрылған еріктілер клубы студенттермен кездесу ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мағлұмат беріліп, студенттердің сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбындағы авторлық өлеңдері оқылды.

Жемқорлықпен күрес қай салада болмасын жіті қадағалануы тиіс. Бұл мәселе Жоғарғы оқу орындары мен колледждерге де қатысты. Сол себепті, Инновациялық технологиялар колледжі өзге оқу орындары тәрізді Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы Хартиясын қабылдаған. Хартияның басты мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және патриоттық сезімдерін нығайту болып табылады. Хартияның мақсаты мен міндетіне сәйкес, біздегі білім ордасында да мұндай жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп тұрады. Студенттердің энтуизиазмі – бұл шараның маңыздылығын көрсетеді. Яғни, отандастарымыздың жемқорлықсыз қоғамда өмір сүруге деген талпынысы – Қазақстанның көркеюінің, тұрақтылығының, және қоғам қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Жұпар МАҚСҰТОВА,

ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button