Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық – адамзаттың дамуынан бері келе жатқан ең көне категориялардың бірі. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойған ешқандай мемлекет, қоғам, дін және идеология жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес биліктің мемлекеттік институттарының тұрақты серігі болып табылады. Бүкіл әлем осы зұлымдықпен күресуде.

Осы ретте, мемлекет өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, жаңа технология жолдарын енгізуде. Алайда, сыбайлас жемқорлық онымен жойылып жатқан жоқ, қайта өршіп, жаңаша бағытта бейімделіп жатыр. Сондықтан да, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі тоқтаусыз, яғни, шексіз. Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауынсыз жеңіске жете алмайды. Әсіресе, мұндай алыптармен күресуде азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді». Ал, қоғам дегеніміз – сіз бен біз, яғни, біздің заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-біріміздің қарым-қатынасымыз.

Жоғарыда айтылғандай Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалысы жөнінде келесі жұмыстар жүргізілуде:

1. Басқарма қызметкерлеріне аппараттық жиналыстарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын жұмыс барысында сақтауға және орындауға қатаң ескерту жасалынады.

2. Басқарма басшысының кіріс, мүлік және мүліктік құқықтары туралы мәліметтер Басқарманың сайтында жарияланды.

Сонымен қатар, Басқарманың zеm-krg.gov.kz сайтында келесі бөлімдер қарастырылған:

Мемлекеттік бақылау тақырыбында жер бөлімінің басшылары, мемлекеттік уәкілетті органдар, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жер иеленушілерінің қатысуымен жергілікті жерлерде жұмыстық семинар өткізілді.

Осакаров ауданының Молодежный кентінде шаруа қожалығы қауымдастығының төрағалары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді дұрыс пайдалану туралы дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасының Жер туралы заңнамаларын бұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Нұр Отан» Партиясы облыстық филиалы жауапты қызметкерлерімен біріге ауылдық округтерде құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

3.Басқармада «сенім телефоны» (47-82-25) орнатылған және қоңырау шалған адамдарды тіркеу журналына жазылады. Қазіргі таңға дейін «сенім телефоны» арқылы қызметкерлерге заңға қайшы әрекеттері үшін шағым тіркелмеген.

Сонымен қатар, Басқармада жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарға арналған пошта жәшігі орнатылған.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған қызметшілер туралы ақпарат көрсету үшін Басқарма ғимаратында және сайтында арнайы бөлім орналасқан.

5. Мекемеде жұмыста оң нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасы» орналастырылған.

6. «Жер заң бойынша – өздігінен басып алуды тоқтатайық» мақаласы «Жаңаарқа» газеті, «Шет шұғыласы», «Абай-Ақиқат», «Сельский труженик», «Бұқар жырау жаршысы», «Нұра», «Шахтинский вестник», «Сарыарқа», «Қазыналы өңір», «Джезказганский вестник», Облыстық «Орталық Қазақстан» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды.

7. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының және азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатына бағытталған ақпараттар жиынтығы жалпы шолу үшін әлеуметтік жарнамалар жасалып стендтерде, мини-плакаттарда орналастырылған.

8. Үйлестіру және байланыстыру үшін Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік уәкілетті органдар мен селолық округтарының әкімдеріне жер қатынастары және мемлекеттік бақылау саласында заң бұзушылықтар болдырмау мақсатында салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары бекіткен:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мәселесі жөніндегі аудандар мен қалалардың атқарушы органдарына, жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларына – Ескертпе.

Суармалы жер пайдаланушыларға және ауыл шаруашылығы жер иелеріне – Ескертпе.

Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау бойынша – Қадамдық алгоритмі әзірленіп, жұмыста қолдануға ұсынылды.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлерімен жүргізілетін тексерістердің ашықтығы мен тиімділігін бақылау үшін мүдделі уәкілетті органдар «Жер қатынастары бөлімі, Ветеринария бөлімі, Ауыл шаруашылығы бөлімдері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан» сарапшыларды қатыстыру қарастырылған.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс өткізу кезінде ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында БАҚ өкілдерінен, депутаттардан, уәкілетті органдардан және басқа қоғамдық ұйымдардан сарапшы мен бақылаушы ретінде өкілдері шақырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген талаптарды орындау мақсатында Басқармада келесі жұмыстар ұйымдастырылған:

Басқарма ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде Әдеп кодексінің мәтіні орналастырылған;

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері осы кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылған;

Барлық мемлекеттік қызметкерлер келесі:

Жалпы мінез-құлықтың;

Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық;

Қызметтік қатынастағы мінез-құлық;

Көпшілік алдында, оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге байланысты мінез-құлық стандарттарының қатаң сақталуы ескертілді.

Сонымен қатар, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі туралы аппараттық жиындарда қаралып, қатаң түрде ескертіліп отырады. Құқықтық – моральдық нормаларына сәйкес және жалпылама антиорта қылығына сонымен қатар, қызметтен тыс уақытта Басқарма қызметкерлеріне әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде оның ішінде «Мой мир», «Одноклассники», «ВКонтакте», «Instagram» мемлекеттік қызметкерлеріне сын болып табылатын фотосуреттері, бейнежазбалар орналастыруға тыйым салынатыны жөнінде және қадағалау жүргізілетіні хабарланды.

Аппараттық кеңестерде Әдеп кодексінің нормаларының қызмет барысында бұзылмауын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың болдырмауы стандарттарының қатаң түрде сақталуына, сыйлық алуға тыйым салынатыны және бұндай мәселе туындаған жағдайда уәкілетті органға тапсыру тиістігі үнемі ескертіліп отырады.

Басқарманың қызметінде жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу және оның қызметкерлерінің арасында жемқорлық жағдайларына мүлдем төзбеушілікті жоғарылату мақсатында Жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленген.

С.Ахметов,

«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button