Жаңалықтар

Сумен қамтылды

2012 жылдан бері Қарағанды қаласына қарасты Компанейская кентіндегі Цементная, Жаңаауыл, Златоусская көшелері тұрғындарының аталған аумақта ауызсу болмауына байланысты ұжымдық өтініштерін ескере отырып, атқарушы билік құрылымдары кенттік су құбырлары желісін салудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бюджеттен қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Биыл, аталған жұмыстарға бюджеттен 127,888 млн. теңге бөлініп, мердігер ұйымды («Нұрлы Табыс» ЖШС) анықтау бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, биылғы қазанда аталған кент тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған су жүйесіне қосу жұмыстары атқарылды.

Бүгінгі таңда барлық 112 нысан сумен қамтылды. Жұмыс жүргізілгеннен кейін қазылған жолдар қайта қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жасалды.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button