Басты тақырыпҚаражал

Судья әдебі – уақыт талабы

   Биылғы жыл «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының іске асырылуымен ерекшеленді. Бұл бағдарламалық құжатта ел Президенті жоғары кәсіби судьялар корпусын қалыптастырып, оларға тұрақтылықты, құқық үстемдігін, қоғам мен мемлекет мүдделерін мүлтіксіз сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндеттерін жүктеген болатын.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін реформалау барысында елдің сот жүйесінің өзіне де өзгерістер енгізіліп, оның дербес қызметі қамтамасыз етілді, сонымен қатар, сот билігін жүзеге асырушылардың беделді және кәсіби корпусын қалыптастыру мақсатында судьялардың конституциялыққұқықтық статусы да өзгертілді. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру үшін Судья әдебінің жаңа кодексі әзірленді.

Жоңа жоба қолданыстағы Кодекспен сабақтастығын сақтай отырса да, Кодекстің құрылымында да, бірқатар ұғымдар мен баптарда да өзгешеліктер бар.

Мәселен, Судья әде­бінің кодексінде «сот әдебі» және «судья әдебі» деген ұғымдар келтірілген. Бұл екеуіекі бөлек ұғымдар және сот әдебі мен судья әдебі нормаларының бұзылуы кезіндегі жауапкершіліктің аражігін анықтауда аса маңызды.

Сот әдебі тек судьяның сот ісін жүргізу ауқымына тартылған тұлғалар мен сот процесіне қатысушылардың өзара қарымқатынастарын реттейтін заңдардың процессуалдық нормаларын сақтауға байланысты кәсіби қызметіне ғана негізделеді.

Ал, судья әдебі дегенімізбұл кең ауқымды ұғым, ол бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты әріптессудья­лардан бастап, қарапайым азаматтардың, жұртшылық өкілдерінің тарапынан қызметте және қызметтен тыс уақыттағы, кәсіби қызметтегі қарымқатынастарына баға беру критерийлеріне негізделетін және судьялар қауымына тиесілігіне байланысты шектеуші сипаттағы ұғым болып табылады. Сонымен қатар, Кодексте судьяның тәртібі, отырысқа қатысушылармен қарымқатынасы, процесті жүргізу кезіндегі мәдениеті де қамтылған.

Судьялар процеске қатысушы тараптар өзінің әр қимылын, әрбір әрекетін, көзқарасын жіті қадағалап отырғанын ұмытпауы тиіс. Оның әдебіне қойылатын талаптар оның ұстамдылығы, мәдениеттілігі, байсалдылығы туралы ұғымдарды қамтуы шарт, бұл өз кезегінде судьяның адалдығын, туралығын және кәсібилігін білдіретін болмақ. Судья­­лардың құқықтық мәдениетінің ахуалы олардың әлеуметтік кәмілділігінің көрсеткіші болып табылады және олардың қол жеткізген кәсіби дамуының деңгейін көрсетеді.

Судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше, бұл заңдық кәсібилік пен кәсіби әдептілікті ұштастыратын қасиет. Істерді қарау кезінде заңдарды бұлжытпай сақтау мен сот процесін жүргізу мәдениеті өзара тығыз байланысты.

Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына байланысты оған қандай да бір ықпал етушілікті болдырмау, оның туралығына күмән тудырмау үшін сот әділдігі мәселелерінде өз байланыстарында таңдаушылықты сақтауы тиіс. Сонымен қатар, заң шығарушы және атқарушы билік, бизнесқұрылымдар өкілдерімен, БАҚпен өзара байланыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәселелері қамтылған. Судья әдебінің кодексі халық­­­­аралық нормаларға, басқа елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып әзірленген, бірақ, өз салттарымыз, менталитетіміз, әдептілік пен адамгершілікті ұлттық қабылдау ерекшеліктіреміз ескерілген.

Сот реформасы соттың барлық жағдайларын өзгертуге, судьялардың тәуелсіздік кепілдігін конституциялық тұрғыда бекітуге, судья мәртебесін биіктетуге бағдарлануы сот сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар, судья­­лардың өздерінің де санасезімдерін өзгертуге бағытталған. Судья өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта заңдарды, Судья әдебінің кодексін, жалпыға ортақ моральдық нормаларды сақтауға міндетті. Судья әдебі кодексінің жаңа жобасы судьяға қоғамның тарапынан айрықша көзқарасты білдіреді, моральдық құндылықтарға, оның жеке басына, тәртібіне биік талаптар қояды. Судьяның қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы тәртібінің ережелерін белгілей отырып, оның барша судьялық корпус құрамының кәсіби және адамгершілікәдептілік тұрғыдан нығаюының басты құралы ретінде қызмет етуі тиіс екеніне айрықша назар аударылған. Кодексте судья­ның тәртібіне қатысты нормалар мен ережелер ғана емес, оларға шағым келтіру тәртібі де нақты белгіленген.

Ойымызды түйіндей келе, Судья әдебі кодексінің жобасы бүгінгі таңдағы қоғамның судьяларға, олардың моральдық сипатына қоятын талаптарына сай және сот билігі мен судьяның қоғам алдындағы беделін нығайтуға ықпал ететін құжат болатынын айта кеткіміз келеді. Қоғам мен мемлекеттің экономикалық және саяси дамуын ескерсек, Судья әдебінің жаңа кодексінің әзірленуі мен қабылдануы туралы мәселенің биылғы Қазақстан Республикасы Судьялары одағының кезектен тыс VII съезіне шығарылуыуақыт талабына сай және аса қажетті мәселе.

А.МУТАЛЯПОВА,

Қаражал қалалық

сотының судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button