Жаңалықтар

Судың сыры беймәлім

Ғалымдар әлі күнге дейін судың сырын толық аша алмай келеді. Қайта, уақыт өткен сайын судың құпиясы күрделеніп, тың деректер табылуда. «Білгенге маржан» айдарының бүгінгі шығарылымында суға қатысты қызықты деректерді топтастырдық.

  1. 122 мемлекеттің суын зерттеген ғалымдар әлемдегі ең таза судың Финляндияда екенін анықтады.

  2. Ыстық судың мұзға айналу процесі суық суға қарағанда анағұрлым тез жүреді. Ғалымдар оның нақты сырын әлі анықтай алмай, тек, болжамдар ғана ұсынуда.

  3. Адам ағзасындағы су 2%-ға азайса, шөл қысады. Ал, 10%-ға азайса сандырақтап, көзіне түрлі нәрселер елестеуі мүмкін. Су мөлшері 20%-ға дейін төмендесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін емес…

  4. Әлемде 4 мұхит бар. Сондай-ақ, мантия қабатында орналасқан су қоры мұхит суынан 10-12 есеге дейін көп. Әйтсе де, олардың тек 3%-ы ғана ішуге жарамды тұщы су. Ал, сол үш пайыздың басым бөлігі мәңгілік мұздықтардың үлесінде.

  5. Дәл қазір, әлемде 1 миллиардтан астам адам ауыз су тапшылығын көріп отыр.

  6. Адам тамақсыз алты аптаға жуық, ал, сусыз бес-жеті тәуліктей өмір сүре алады.

  7. Жаңа туған сәби ағзасының 86%-ы судан тұрса, қариялардың ағзасында бұл көрсеткіш – 50%.

  8. Адам бүкіл өмірінде 35 тонна су тұтынады.

  9. Әлемдегі індет түрлерінің 85%-ы су арқылы таралады. Салдарынан жылына 25 миллионнан астам адам көз жұмады.

  10. Суды көп тұтынатын адамдарда жүрек талмасына ұшырау ықтималдылығы төмен болады.

Басқа материалдар

Back to top button