Медицина

Судың сапасы бақылауда

Көктемгі су тасқыны кезіндегі Шахтинск өңіріндегі судың сапасын санитариялық қызмет тұрақты негізде бақылайды.

Сурет: басқармадан

Су факторымен берілетін инфекциялық аурулардың, уланулардың пайда болуы мен өршуінің алдын алу және олардың пайда болуын болжау мақсатында ай сайын ауыз судың сапасына санэпидмониторинг жүргізіледі. Шахтинск аймағы бойынша 30 бақылау орындары анықталған.

Оның ішінде Шахтинск бойынша-18, Шахан кенті-7, Новодолинский кенті – 3, Северо-Западный кенті – 1, Долинка кенті -1 орын. Сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық мақсаттағы объектілерден сынамаларды алу айына 1 рет жүргізіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде суды бақылау күшейтіліп, қосымша 6 бақылау орындары анықталды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Шахтинскіде ауыз су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі күшейтілді, микробиологиялық көрсеткіштерге 24 су сынамасы алынды, сәйкес емес сынамалар жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 24 сынама алынды, сәйкес емес сынамалар тіркелмеді.

Сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету мекемелерімен өндірістік бақылау жүргізіледі. Саниариялық-химиялық зерттеуге ауыз судың 103 сынамасы және микробиологиялық зерттеуге 75 сынама алынды, сәйкес емес сынамалар тіркелмеді.

​Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек.

Сумен жабдықтау жүйелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін су құбыры желілерін дезинфекциялау және жуу жүргізіледі, содан кейін микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су сынамалары алынады. Осы жылдың өткен кезеңінде Шахтинск қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінде апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.​

​Су тасқыны кезінде су факторы арқылы берілетін аурулардан қорғау қажет. Бұл үшін алдын алудың негізгі қағидаларын орындау керек:
– ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
– жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (дәретханаға барғаннан кейін, жануарлармен байланыста болғаннан кейін, тамақ дайындамас бұрын және тамақтанар алдында қолды сабынмен мұқият жуу);
– су басқан тағамдарды жеткілікті термиялық өңдеуден кейін ғана жеуге болады;
– көкөністер мен жемістерді шикі түрде жеген кезде оларды таза сумен мұқият жуып, қайнап тұрған сумен шаю керек;
– дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамау;
– аумақты және тұрғын үйлерді тазалауды, оның ішінде өлген кеміргіштерді жинауды қолғаппен жүргізу;
– құдықтардағы ластанған суды сорып, дезинфекциялау керек (бұл әсіресе жазғы саяжайлары бар және ауыл тұрғындарына қатысты);
– су тасқыны кезеңінде аула дәретханаларының қоқыспен толтырылуына жол бермеңіз, толуына жер бетіне дейін шамамен 35 см қалғанда тазарту жұмыстарын уақтылы өткізу қажет;
– жедел инфекциялық аурудың белгілері пайда болған кезде (дене температурасының жоғарылауы, құсу, сұйық нәжіс пайда болса және т.б.) дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Еркін Бейсембаев,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button