Жаңалықтар
Дауыс беру талапқа сай өтуде
Бүгін Саран қаласындағы 18 сайлау учаскесінде маңызды саяси науқан – қалалық және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау ұйымшылдықпен өтуде. Таңертеңнен бастап, қала аумағындағы барлық сайлау учаскелері жұмысын бастап, тұрғындарды қабылдауда.

Дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, қазіргі уақытта қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
Учаскелерде барлық қажетті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. Сайлаушылар үшін дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған. Қала тұрғындары сайлау процесіне қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Жалпы, Саран қаласында сайлау күніне дайындық жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылып, дауыс беру процесі штаттық режимде жалғасуда.
Ержан ИМАШ,
САРАН



