Спорт

Суботич – «Шахтер» сапында

Қарағандылық «Шахтер» құрамы шабуылшы Даниель СУБОТИЧПЕН толықты. Ата тегі босниялық болып табылатын футболшы кейінде Сербиямен қатар Швейцарияның азаматтығын алған.

Даниель – 29 жаста. Ең алғаш швейцариялық «Базельде» ойнаған. Кейін ағылшынның «Портсмутынан» шақырту алады. Сондай-ақ, одан беріде бельгиялық «Зюльте-Варегем», ағылшындық «Саутенд Юнайтед», итальяндық «Гроссетто», румындық «Университатя», «Тыргу-Муреш», украиндық «Волынь», әзірбайжандық «Габалу», кувейттік «Әл Кадиси», молдовалық «Шериф», оңтүстіккореялық «Ульсан Хендэ» командалары сапында өнер көрсетті.

Кәсіби карьерасында Даниель Кувейт Суперкубогінің, Азия футбол конфедерациясы кубогінің, Молдова Суперкубогінің иегері және ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2016 жылы Молдова чемпионатының үздік сұрмергені деп танылды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button