«Стумбрастан» басым түсті
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Қазақстан футбол чемпионатына дайындалып жатқан Қарағандының «Шахтер» командасы түріктің «Стумбрас» футбол клубымен кездесті. Бұл жолдастық ойын 3:1 есебімен «шахтерліктердің» пайдасына шешілді.
Айта кету керек, қарағандылық футболшылар «Стумбрас» футбол клубымен жолдастық кездесу өткізу арқылы алдағы шешуші ойындарға дайындықтарын пысықтады. Жолдастық деген атауы болмаса, ойын тартысты өтті. Қос команда да жеңіске бастар жолды іздеумен болды. Десек те, ұрымтал сəттерді ұтымды пайдаланған қарағандылықтар қарсыластардың қақпасына үш мәрте доп салып, ұпайын еселеді. Ойын алма-кезек шабуылмен өрбіді. «Стумбрас» командасы бір ғана голмен шектелді. Мықтылық танытқан жерлестеріміз, матч барысында түрік футболшыларына дес бермеді.
Нұрдос КӘРІМ