Covid-19Ресми

Студенттер офлайн білім алуы мүмкін

Еліміздің барлық өңірлері жасыл аймақта болған жағдайда, студенттер офлайн білім алуға ауысуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Нұршай ӘЗІМБАЕВА сұрақтарға жауап берді.

ДСМ-нің болжамдарының пессимистік сценарий бойынша, наурыз айында КВИ сырқаттанушылық деңгейі артуы тиіс болған. Бірақ болжам жүзеге аспады.

– Бірақ бүгінде вирус жұқтырғандар саны азайып отыр. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Осыған орай бұл мәселе қайта қаралады. Наурыз айындағы эпидемиологиялық жағдайға, сырқаттанушылық деңгейінің өсіп-өршуіне байланысты басқа шаралар қабылдануы мүмкін, – деді Н.Әзімбаева.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйектен осы күнге дейін офлайн түрде оқитын оқушылар арасында 2583-і коронавирус жұқтырған. Ал, онлайн оқитын балалар арасында 6089 жағдай тіркелген. Спикердің айтуынша, еліміздің барлық өңірлері «жасыл» аймақта болған жағдайда, студенттер офлайн білім алуға ауысуы мүмкін.

Басқа материалдар

Back to top button