Спорт

Ұстаздар – спорт алаңында

Сәрсенбі күні №102 мектеп-гимназиясында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен XI кәсіподақтық спартакиада өтті. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіподақ мүшелігіне ынталандырып, кәсіподақ ұйымдары арасында салауатты өмір салтын насихаттады.

Салауатты өмір салтын қолдаған ұстаздар қауымы спартакиадаға қатысып, жас ұрпаққа жақсы үлгі көрсетті. Спорттық шаралар жылдан жылға білім қызметкерлерінің өмір салтында үлкен мағынаға ие болып, спартакиада өткізу дәстүрге айналды. Командалар биыл он бірінші рет волейбол, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша сайысты. Спартакиаданың бірінші кезеңіне, аудандық, қалалық спартакиадаларға 12 мыңға жуық білім қызметкерлері қатысты. Ал, қалалық №102 мектеп-гимназиясы және №23 орта мектебінде өткен мәрелік сайысқа 500-ге жуық маман қатысты. Аудан және қалалық командалар үшін екі айналым ұйымдастырылды.

Спартакиада салтанатында Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау қалаларынан және Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарынан келген қатысушыларды облыстық кәсіподақтардың аймақтық бірлестігінің төрағасы Б.Жұ­мабеков, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төр­айымы Т.Самойлюк құттықтады. Білім әрқашан қоғам өміріндегі анықтаушы салалардың бірі болса, білім қызметкерлері мемлекеттің көркеюін, оның әлемдік қоғамдастықтағы дамуын нығайтатын күш екенін атап өтті. Сондай-ақ, білім қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі – қоғам назарында жүруге тиіс міндет екенін айтты.

Сайыстар тартысты өтті. Қалалық командалар арасында бірінші орынды Қазыбек би ауданы мен Октябрь ауданы өзара бөлісті. Ал, үшінші орынды Теміртау қаласы иеленді.

Аудандар арасында бірінші орын Қарқаралы ауданына бұйырса, екінші орынды Абай ауданы, үшінші орынды Нұра ауданы жеңіп алды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.

Сөйтіп, сайыстарға қатысушылар келесі жылғы дәстүрлі спартакидаға дайындықты биылдан бастап кетті.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button