Қарағанды

Ұстазға мың алғыс

    Дүниедегі мамандық атаулының төресі – мұғалім. Ол барлық сала иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді мамандық. Сондай мамандығына берілген абзал жан, менің баламның алғашқы ұстазы – Зәмзәгүл Жұмаділова.

Қызым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезде сол мұғалім жүрегіндегі қорқынышты сейілтіп, өз мейірімділігін танытып, әр жыл сайын санасын өсіріп, азамат болып қалыптасуға зор ықпалын тигізді. Міне, төрт жылды балаларымыз артқа тастап, сүйікті ұстазбен қоштастық. Ұстазымыздың еңбегін тек оқушылар ғана емес, ата-аналар да бағалайды. Баламызға ой-сана, тәлім-тәрбие, өнер-білім берген ұстазымызға айтар алғысым шексіз.

Құндыз САДУОВА,

65 орта мектептің

4 сынып оқушыларының ата-анасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button