Қарағанды

Құстар – біздің досымыз

№65 жалпы білім беретін орта мектебінде балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ашық сабақ өтті. Мектепалды даярлық тобының оқушыларына көктемде келетін құстар жөнінде мәлімет берілді. Балалар сабақ барысында құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау жөніндегі халық мақалдарын жатқа айтты.

Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту мақсатында өткен ашық сабақ барысында тәрбиешілер: «Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғайды» деген оймен балаларға құстарды қоректендіріп тұру жұмыстарын көрсетті. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру шаралары негізінде құстарға тиіспеу, оларды аялап, ұя салып беруге тәрбиелеу шаралары сөз болды. Көрнекіліктерге құстардың суреті, тақта, үнтаспа, орман бейнесі ұсынылып, сұрақ-жауап ойындары, сергіту сәттері көрсетілді. Балалар дидактикалық ойында үй құстары мен дала құстарын ажыратып, оларға қамқор болу керектігін ұғынды.

Эльмира ХАСЕНОВА,

№65 жалпы білім беретін мектептің даярлық тобының мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button