«Спутниктің» сесі

   Жексенбі күні «Сарыарқа» Қарағандыда Төменгі Тағылдың «Спутнигін» қабылдады. Тартысты матчтың овертаймында жерлестеріміз 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Ойындағы есепті «сарыарқалықтар» ашты. 5-ші минутта қорғаушы Максим Иванов қақпашы Аляпкинді қапы қалдырды. 1:0.

Матч қарағандылықтардың жеңісімен тәмамдалар еді… Үшінші кезеңнің аяқталуына бір минут (59-шы минут) қалғанда «Спутник» сапындағы Чемерикин таразы басын теңестірді. 1:1.

Кездесу қосымша таймда жалғасты. Сөйтіп, 62-ші минутта ресейлік клубтың ойыншысы Щанкин жеңіс шайбасын салды. Қазір «Сарыарқа» турнир кестесінің 4-ші сатысында. Отыз ойында 58 ұпай жинады.

Көш басында – петерборлық қос клуб «Динамо» (70 ұпай) мен «СКА-Нева» (67 ұпай). Үздік үштікті қорғандық «Зауралье» 61 ұпаймен түйіндеуде.

«Сарыарқаның» келесі қарсыласы – «СКА-Нева». Ойын 11 желтоқсанға белгіленген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.