Спорт

Спортты серік еткен

«Шахтер» КМҚК бүгінгі таңда тек спорттық, мәдени іс-шараларды өткізу базасы ғана емес, шығармашылық мүмкіндіктерді  сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі жобаларды жүзеге асыру орталығы болып табылады.

Осы орайда,  Қарағандыдағы балалар-жасөспірімдер клубтарына арналған «Шахтер» стадионының «Спорт энергиясы» жобасы жаз бойы қаламыздың алаңдарында жүзеге асты. Әсерлі өткен әуе жыландары фестивалі де бүлдіршіндердің көңілінен шықты. Оған 200-ге жуық балалар мен жасөспірімдер клубтары қатысты.

Жобадағы басты мақсат – балаларды еліміздің маңызды оқиғалардың бірі – Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесімен таныстыру болды. Сондай-ақ, келер ұрпақтың шығармашылық және спорттық мүмкіндіктерін дамытуға көңіл бөлді.

Бұған дейін «Спорт энергиясы» жобасы бірнеше кезеңге бөлінген. Халықаралық балаларды қорғау күнінде және Халықаралық «ЭКСПО–2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында балалар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Шілде айында қаламыздың шағын футбол алаңдарында барлық қатысушылар үшін  футбол турнирлері өтті. Жобаның үшінші кезеңіндегі әсерлі әуе жыландары фестивалінде ең белсенді қатысушылар «Шахтер» КМҚК мадақтамасын иеленді.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button