Спорттық сайыстар – мерекеге мәйек

 Алдымызда – Наурыз мейрамы. Бұл көктемдегі жаңару, достық пен жылылықтың халықаралық мерекесі. Наурыз мейрамы бізде әрқашан ауқымды әрі көңілді өткізіледі. Осыған байланысты, биыл да 22-25 наурыз күндері Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс Орталық саябағында түрлі спорттық шаралар өткізілмекші. Бұл үшін саябақтың стационарлық сахнасының жанында арнайы алаң дайындалды.    

22 наурыз күні сағат 10.00-де «Көктемгі керуен» атты мерекелік шеру басталып, оған аттар, соңдарына тазы ерткен бүркітшілер қатысады. Шеру бағыты Волочаевская – Бұқар жырау, Чкалов – Жауынгер-Интернационалистер көшелерімен өтеді. Тұрғындардың барлығы бұл шеруді тамашалай алады.
Сағат 11.00-де Орталық саябақтың стационарлық сах­насында қазақ күресінен, таэквондо ITF, қоян-қолтық шайқас, каратэ, дзюдо, самбо және семсерлесуден спортшылар өнерлерін паш етеді. Сахнаның алдындағы алаңның оң жағында асық атудан, ләңгі мен арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен командалардың алдын ала жарыстары болса, екі шабандоз ат үстінде аударыспақ атты ұлттық күрес тәсілдерін көрсетеді.
Сонымен қатар, шабан­доздар көкпар ойынын көр­сетіп, «Street Workout» федерациясының спортшылары өз өнерлерін снарядттарда танытады.
Сахнаның сол жағында экспозициялық киіз үй тігіліп, кіре берісінде құстары мен тазы иттері бар бүркітші тұрады.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ашамай атты ұлттық дәстүрі мерекенің жарқын мезетінің бірі болмақ. Қазіргі күндері Ашамайға мінгізу бұрынғыдай танымал емес. Оған қарамастан, бұл дәстүр ұмытылмай, баланың нағыз жігітке айналу салты болып саналады. Балаларды атпен шабуға үйретуге арналған қарапайым ер-тоқымдардың бірі. Қазіргі замандағы балалар ата-бабаларының машықтарын ұмытпай, кей-кейде болса да атқа отырғандары жөн. Себебі, даңқты қазақ батыр­лары атпен жүру шеберлігімен танымал болған.
Сол уақытта бас төре­шілер ниет білдіргендерді гір спорты, армрестлинг, кер­меде тартылу, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі мен асық атудан жарыстарға қатысуға шақыратын болады.
Сағат 13.00-де үш салмақ дәрежелерінде сахна үстінде кермеде тартылу, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі мен асық атудан жарыстар басталады.
Аталған жарыстардың же­ңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталатын болады.
Шараның шарықтау шегі ретінде тірі қойды иығына көтеріп алып, отырып тұру болады, жеңімпаз қойды өзімен алып кетеді.
Мереке бір күнмен шектеліп қалмай, 23 наурызда жалғасын табады, сағат 13.00-де асық ату, арқан тарту, ләңгі мен дартстан жарыстар өтеді.
24 наурызда, сағат 13.00-де арқан тартудан жарыстар басталып, одан кейін гір спорты, асық ату мен дартстан жарыстар болады.
Ал, 25 күні, «Көңілді сөрелер», арқан тарту, гір спорты мен дартстан жарыстар өтеді.
Бұл күндері, жарыс нәтижелері бойынша Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттайды.
Спортқа құштар Қарағанды тұрғындары мен қонақтарын наурыздың 22-25-і күндері өтетін спорттық шараларға қатысуға шақырамыз! Отбасыларыңызбен, достарыңызбен және қонақтары­ңызбен келіңіздер! Қызық бо­лады!

Қарағанды қаласының әкімдігі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.