АймақСаран

Спортшыларға құрмет

Елімізде 2004 жылдан бері тойланып келе жатқан Спорт күні Саран қаласында да аталып өтті. Бұл қала мен оның аумағындағы Ақтас кентінде кейінгі жылдары бұқаралық және кәсіби спортқа баса көңіл бөлініп, жұртшылық арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мұнда балалардың спорт және ойын алаңдары көптеп салынып, сарандық спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.

саран спортшылары
СУРЕТТЕ: спортшыларды марапаттау сәті

Соған орай Сарандағы Мәдениет үйінде өткен салтанатта ең бірінші кезекте жаттықтырушылар Т.Қуат, Е.Айдарбеков, В.Федченко, Б.Ермағанбетов, А.Иверская, Е.Глотовтарға құрмет көрсетілді. Оларды қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов мерекемен құттықтап, Құрмет грамоталарын табыстап, иықтарына шапан жауып, А.Иверскаяға камзол кигізді.

Келесі кезекте сарандық бір топ спортшы марапатталды. Әсіресе, солардың ішінде паралимпиадалық спорт түрінен дүбірлі додаларда топ жарып жүрген Айгүл Балмағамбетова айтуға тұрарлық. Ол жуырда ғана Жапониядағы халықаралық турнирден қола медальмен оралған. Осының алдында Айгүл Италия, Словакияда өнер көрсетіп, көрермендерін өмірге, спортқа деген жігерімен тәнті қылыпты. 

Ержан ИМАШ,
САРАН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button