Жаңалықтар

Спортпен үйде де шұғылдануға болады

Төтенше жағдайға байланысты спорт залдар, бассейндер мен фитнес-клубтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Әйтсе де, қарағандылық спортшылар қол қусырып отырған жоқ. Олар күн сайын жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, өзге азаматтарды да спортпен шұғылдануға шақырады. 

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы   #antivirus челленджін бастады. Аймақтағы спорт мектебінің оқушылары үйде жатып-ақ жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Оларға күн сайын ұстаздары арнайы тапсырмалар береді. Ал, жас спортшылар тәлімгерге бейнеесеп жолдауда.  

“Біз әр спорт мектептерінің үй жұмыстары ретінде түсірілген бейнелерден жалпы роликтер жасауды шештік. Оларды төтенше жағдай аяқталғанға дейін оптимизмді, рух пен ерік күшін қолдау үшін таратамыз. Дендеріңіз сау болсын және спортпен айналысыңыздар!” – делінген Facebook-тегі спорт басқармасының ресми парақшасында.

Апта сайын әлеуметтік желілерде спорт басқармасы спортшылардың үй тапсырмаларын орындау бойынша роликтер жариялайды.
#antivirus челленджін Рио-де-Жанейро – 2016 Олимпиада ойындарының қатысушылары, синхронды жүзуден ҚР ХДСШ Александра мен Екатерина Немичтер,  Рио-де – Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының қатысушысы, Токиода-2020 Олимпиадасына лицензия алған боксшы Абылайхан Жүсіпов,  қарағандылық жас хоккейшілер мен велоспорт мектебінің тәрбиеленушілері қолдады.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында “Saryarqa” телеарнасымен бірге аймақтық алдыңғы қатарлы спортшыларының қатысуымен жалпы халыққа арналған бейне роликтер дайындалмақ. Атап айтқанда,  спорттық акробатика бойынша Әлем чемпиондары Анастасия Долгонюк және Никита Амоскин, күштік гимнастикадан  спорттық акробатика бойынша Әлем Кубогының иегерлері Даниель Диль мен Вадим Шуляр жаттығу үлгілерін көрсетеді. Ал,  аға ұрпақ өкілдері жеңіл атлетикадан Азия чемпиондарымен бірге Махаббат Комкова мен Татьяна Мунтян және т.б жаттыға алады.
Сондай-ақ, жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлермен сұхбат пен анонстық роликтер жазылады.

Қарағанды облысы Спорт басқармасының инстаграмдағы парақшасы: https://instagram.com/karsportregion?igshid=1jls02iex3hlp .

Басқа материалдар

Back to top button