Жаңалықтар

Спорт – ұлт саулығының кепілі

    Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы басты міндеттердің бірі – салауатты өмір салтын насихаттау жолымен қоғам саулығын басқару болып табылады. Біздің негізгі мақсатымыз – бұқаралық спорт арқылы тұрғындарды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналыстыру, инфрақұрылымды және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жетілдіру.

Бұған қоса спорттық резервті даярлады қамтамасыз ету, алға қойған спорттағы жоғары жетістіктерге қол жеткізу де біздің Басқарманың әрқашан басым бағыты болып қала береді. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қарағанды облысында өзінің қызметімен 414 мыңнан астам адамды қамтыған үш мыңнан астам спорт ұйымы мен дене шынықтыру ұжымы және 60 аккредиттелген федерация жұмыс істейді. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға 2017 жылы облыстық бюджеттен 9 млрд. 167 млн. 186 мың теңге (2016 жылы – 7 млрд. 129 млн. 745 мың теңге) қаржы бөлінді.

2017 жылы қарағандылық 27719 спортшы 7989 медаль жеңіп алған болса, мұның ішінде 2 мыңнан астамы алтын медаль. Облыста спорттың 96 түрімен, олимпиадалық спорттың 41 түрімен айналысады. Қазақстанның Ұлттық құрамасында біздің 1216 спортшы бар. Қарағанды облысының өкілдері 2017 жылы әр түрлі дәрежедегі 903 жарысқа қатысқан болса, оның ішінде 112 облыстық, 521 республикалық, 277 халықаралық жарыс. Спорттық атақты, дәреже мен санатты 1349 спортшы, 71 жаттықтырушы, бес әдіскер және 41 төреші орындап шықты. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын төрт спортшымыз алды.

Елбасының бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға қамтуды арттыра түсу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Басқармада тұрғындардың әр түрлі жас санаттары мен әлеуметтік топтарына арналып өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстардың санын ұлғайта түсу үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұқаралық спортты дамыту – облыстық басқарманың басым бағыттарының бірі. Өткен жылы өңірде барлығы 8940 спорттық-бұқаралық шара өткізілген болса, бұл 2016 жылғыдан 1288 шараға артық. Оларға 544 181 адам қатысты ( 2016 жылы – 397172 адамды қамтыған 7652 шара). Мұның ішінде 30 мыңнан астам адамды қамтыған облыстық тоғыз спартакиада бар.

Бұқаралық спортты дамытып, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындарды қамтуды арттыра түсу жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау үшін басқарма жұмысты бұрынғыдан да белсенді жүргізе түсуде. Оларды мынадай көрсеткіштерден байқауға болады:

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 2017 жылы 414166 адам немесе 30% болды (2016 ж. – 409102 адам немесе 29,5%).

балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтыратын спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жас жеткіншектердің саны жалпы балалар мен жас жеткіншектердің ішінде 28 663 адам немесе 15,7% болды.

Қарағанды облысы Президенттің 2020 жылы тұрғындардың 30%-ын дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуға тарту жөніндегі тапсырмасын  мерзімінен бұрын орындап, республика бойынша алдыңғылардың қатарына қосылды. Сол сияқты облыста 59171 адамды қамтыған 122 дене шынықтыру-сауықтыру клубы (2016 ж. – 55374 адамды қамтыған 118 клуб), 4135 адамды қамтыған балалар мен жасөспірімдер клубы (2016 ж. – 3895 адамды қамтыған 18 клуб), 12333 адамды қамтыған 113 аула клубы (2016 ж. – 12190 адамды қамтыған 112 клуб) жұмыс істейді.

Қарағанды облысының тұрғындары үшін 2017 жылы «Арманға жол» марафонының бірінші рет өткізілуі жарқын оқиғаның бірі болған еді. Оған Ресейдің, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Үндістанның азаматтары бар 5000-нан астам адам қатысты. «HALF MARATHON KARAGANDA 2018» жартылай марафонының трассасы Халықаралық марафондар мен жүгіру қауымдастығының сертификатына ие болды. «Арманға жол» жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде өткізіліп тұрмақ.

Мүгедектер спортын дамыту ісіне ерекше көңіл бөлінеді. Облысымызда мүмкіндігі шектеулі 3577 адам спорттың 28 түрімен айналысады. ҚР Ұлттық құрамасына 68 спортшы кірген. 2017 жылы мүгедек спортшылар арасында ұйымдастырылып, өткізілген 10 облыстық және жалпымектептік спорттық-бұқаралық шараларына 276 адам, алты республикалық жарысқа және ҚР Спартакиадасына 128 мүгедек спортшы қатысып, 60 алтын, 63 күміс және 30 қола медаль ұтып алды. Алты халықаралық жарысқа 21 адам қатысып, 15 алтын, 8 күміс, 6 қола жүлдеге ие болды.

Спорттың бұқаралық түрін дамыту үшін ұлттық бай тәжірибені пайдалану аса қажет. Бұл халықтық педагогиканың таусылмас қазынасы және қазіргі заманда ерекше ықпалды болып отыр, өйткені, салауатты өмір салтын сақтаудың, дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстарын дамытудың дайын нұсқалары оның негізіне қаланған. Міне, біздің облыстағы ұлттық спорт түрлерін дамыту осы мақсатта жүргізіліп, өткен жылы жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

ҚР ауыл спартакиадасы аясында Ақтөбе қаласында өткен тоғызқұмалақ жарысында Қарағандының құрама командасы бесінші орын алған болса, жекелей есепте Асылхан Қожанәсіп жеңімпаз атанды. «ЭКСПО-2017» аясында аударыспақтан өткен Әлем чемпионатында абсолюттік ауыр салмақтағы Дархан Көпбаев финалдық сайыста күш сынасты. Халықаралық көрме аясында ат спортынан өткен жарыста біздің спортшылар «Жорға жарыста» – 1 орын, «Тай жарыста» – 2 орын, «Құнан жарыста» – 3 орын иемденді. Өткен жылда болған айтулы оқиғалардың ішінде Сәтбаев қаласында ҚР Президенті               Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан өткен Халықаралық турнирді атап өтуге болады. Оған Ресейдің, Түркияның, Қырғызстанның, Ауғанстанның спортшылары, Астана мен Алматы қалаларынан, сол сияқты Қазақстанның 14 облысынан құрама командалар қатысты.

Спорттың инфрақұрылымы облыста табысты дамып келеді. Қазіргі күнге дейін 2 896 спорт нысаны жұмыс істеп тұрған болса, оның ішінде 1111-і ауылдық жерде, бұл бұрнағы жылғыдан 55 нысанға артық. 2017 жылы жүзу бассейні (25 м) бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) Қарағанды қаласында, Нұра ауданының Шахтер ауылында пайдалануға берілді. Абай қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы салынып жатыр. «Қарағанды-Арена» мұз сарайының жанында сырғанау катогы мемлекеттік жеке меншіктік әріптестік бағдарламасы бойынша салынатын болады. Шет ауданындағы С.Сейфуллин атындағы ауылда да ДШСК құрылысы жүргізіліп жатыр. Қарағандыда каратэ спорттық аула клубы салынды, тағы да осындай 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұған қоса есепті мерзім ішінде облыста 28 спорт алаңы мен 13 көпсалалы хоккей корты, «Street Workout» бес спорттық алаңы орнатылды. Абай қаласындағы «Жігер», Қарағанды қалсындағы «Локомотив» стадиондарында және спорт мектептерінің сегіз нысанында жөндеу жүргізілді. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «Панель-Центр» жанында күрес орталығы, Қарағанды қаласында жүзу бассейні бар балалар мен жасөспірімдер сарайы, Жаңаарқа ауданының Атасу селосында бассейні бар ДШСК, Қарқаралы қаласында ДШСК сияқты нысандардың жобалық-сметалық құжаттамаларының жасалуы аяқталу үстінде. 2018 жылы С.Сейфуллин атындағы ауылдағы ДШСК-нің, Абай қаласындағы ДШСК-нің құрылысын аяқтау үшін қаражат қарастырылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір басшысы Ерлан Қошановтың төртжылдықтың басты спорт ойынында жүлдегер және қатысушы болған спортшылармен кездесуі кезінде «Қарағандылық олимпиадашылар» кітабы мен фильмінің тұсаукесерін өткізді. Бұл өзінің туған өңірінің тарихын жасауға қатысқан адамдарға деген құрмет пен мүддені жаңғыртатын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, олимпиада шыңына көтерілген спортшыларды жария етуге бағытталған патриоттық жоба болатын. Өңіріміздің Абай ауданында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен Форум өткізілді. Оның бағдарламасына №10 мектеп-гимназияда дене шынықтыру сабағын, Абай қаласы БЖСМ-де спортшының шеберлік сыныбын, жергілікті колледж оқушыларымен кездесуін өткізу кірді.

Салауатты өмір салтын насихаттаудың да мәні өте зор. БАҚ басылымдарында 2017 жылы мыңнан астам мақала жарық көріп, облыстық және республикалық телевизия жаңалықтарында Қарағанды өңірі спортшыларының жетістіктері туралы интернет-сайттарда көптеген жарияланым жасалды. Қарағандыда өткен турнирлерден тікелей репортаж жүргізетін «Казспорт» спорттық арнасымен қызметтестік кеңейе түсті. «Сарыарқа» арнасында жаңалық сюжеттерімен қоса спорттық шаралар туралы «АРЕНА» спорттық теле бағдарламасымен және спорттың әр түрін бұқараландыруға бағытталған «Чемпионмен бірге таңғы ас» айдарымен (екі тілде) берілетін хабарларда сюжеттер тұрақты көрсетіліп келеді.

Дене шынықтыру мен спорт – бұл бірінші кезекте ұлт саулығы. Елбасымыз салауатты өмір салты әрбір қазақстандық үшін басым бағыт болуы қажет, ал біз оған жағдай жасауымыз керек дегенді әрқашан баса айтып келеді. Басқарманың барлық жүргізіп отырған жұмысы облыс тұрғындарын сауықтыруға және дені сау, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге, оған қоса спорттағы алға қойған жоғары мақсаттарға жете беруге бағыттала береді.

Н.СУХОРУКОВА,

Қарағанды облысының

дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button