Спорт

Спорт қайраткеріне құрмет көрсетілді

Қарағанды қаласында белгілі спорт қайраткері Валерий Громовтың 70 жылдығына орай суға жүзуден турнир өтті. Барлығы 150-ге жуық спортшы қатысқан ашық біріншілікке қатысушылардың белсенділігі жоғары болды.

Жарыс жолына шығып, бағын сынаған спортшылардың бірі – Зере Мұрат. Оның жасы 12-де. Суға жүзумен айналысып жүргеніне 6 жылдан асты. Бұл жарыс­та ол брасс әдісімен 50 және 100 метр қашықтықта екінші орынды еншіледі.

Күн ұзаққа созылған турнир қорытындысында үздік шыққан спортшылар арнайы марапатқа және ақшалай сыйақыға ие болды. Шара соңында ардагерлер арасында ұйымдастырылған эстафетаға Громовтар әулеті бір команда боп қатыс­ты. Бұл – жас спортшылар үшін өнегелі естелік болды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button