Спорт

Спартакиада өз мәресіне жетті

Дәстүрлі түрде облыс қалалары арасында өткізілетін “Ақ қыс – 2024” және аудандар арасындағы “Қарлы қыс – 2024” қысқы спартакиадасының қорытындысы шығарылды. Спартакиада қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы мен Абай ауданының командалары жарыс жеңімпаздары атанды. 

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

“Қарлы қыс” спартакиадасы аудандар арасында 34-ші рет, “Ақ қыс” спартакиадасы қалалар арасында 21-ші мәрте өткізілуде. Биылғы спартакиада Теміртау қаласында өтті. Екі күнге созылған  жарысқа 500-ге жуық облыс тұрғындары қатысты. Олар президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, конькимен сырғанау және шайбалы хоккей сынды спорт түрлерінен бақ сынасты.

Құрама қалалар арасында І орынды – Қарағанды, ІІ орынды – Теміртау, ІІІ орынды – Шахтинск қаласының спортшылары иеленді. Ал, аудандар арасындағы Абай спортшылары үздік атанды. Одан кейінгі сатыда Осакаров және Нұра ауданының спортшылары.

– Қарағанды осы спартакиаданың тұрақты жеңімпазы болып қала береді. Бұған бірнеше факторлар әсер етеді: спорттық инфрақұрылым, әуесқой спортшылардың шоғырлануы, таңдау кең және жаттықтырушылар құрамы да жақсы. Келесі жылы да спартакиада жеңімпазы атағын сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Бұл жарыстар спорт әуесқойлары үшін жақсы мүмкіндік, – дейді Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Мырзаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button