Жаңалықтар

«Өскенде кім боламын?»

      Қалалық №74 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері біліктілігімен ерекшеленеді. Сабақ өткізуде тиімді әдістер қолданады. Сондықтан, оқушылары талантты әрі білімді болып өсіп келеді. 2 «А» сынып оқушылары балалық армандарын шығармаға қосыпты.

Мен өскенде дәрігер болғым келеді. Ата-әжемді, ата-анамды, туысқандарымды емдер едім. Дәрігер болу үшін тек жақсы оқып қана қоймай, адам жанын түсіну керек деп ойлаймын. Мен арманыма жету үшін жақсы оқуға тырысамын.

Ақжарқын ТІЛЕКТЕС,

74 мектептің

2«А» сынып

оқушысы.

Әрине, әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің ұстаз болғым келеді. Маған Әліппені ұстатып, сауатымды ашқан Гүлмира Шарипова апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтан да, мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті жандардың бірі. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлер, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады.

Сабина ОРАЗБАЕВА,

74 мектептің

2«А» сынып

оқушысы.

Мен өскенде механик боламын. Мен машиналарды ұнатамын. Адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады. Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз. Сондықтан мен машиналарды жөндегім келеді. Ал, маған адамдар рақметін айтады.

Арсен МҰРАТБЕК,

74 мектептің 2«А» сынып оқушысы.

Әрбір баланың өзіндік арманы болады. Біреулер ғарышкер, енді біреулер ұстаз болуды армандайды. Ал, менің Президент болғым келеді. Халқымның мақтанышы болғым келеді. Қазақстанды барлық ел таниды. Ол – Нұрсұлтан атаның арқасы. Мен де Елбасымыз сияқты Президент боламын.

Арлан ДӘУЛЕТ,

74 мектептің

2«А» сынып

оқушысы.

Өрт сөндіруші қызметі – жігіттерге тән батырлықты талап етеді. Сондықтан мен өскенде өрт сөндіруші болғым келеді. Өрт сөндіруші болу үшін ең бірінші батыл болу керек.

Арнұр АЛТЫНБЕКОВ,

74 мектебінің

2«А» сынып

оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button