Қарағанды

Үштілділік саясатының іргетасы

   Тіл – тұрмыс салты. Тілдің құндылығы тереңде жатыр. Ол қоғам рухын, мәдениеті мен ұлттық кодын білдіреді. Қазақ тілінің латын графикасына көшу мәселесі әбден  пісіп-жетілді, яғни, бұл ұлтты дамытудың объективті факторы.

Біздің бейбіт және көпұлтты қазақстанымызда мемлекеттік тілді өркендету үшін  латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру көрінісі болмақ. Сол арқылы бабалар  мұрасын сақтап, дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа көкжиекке жол ашамыз.

Тіл адам санасына бағыт береді, оның өмірлік тәжірибесін қалыптастырады. Латын әліпбиіне көшу арқылы әлемдік ғылымның, инновациялық және ғылыми-техникалық прогрестің игілігін еркін меңгеруге ықпал ететін болады, сол себепті барлық қазақстандықтар ұрпақ болашағы үшін осы реформаны қолдауы керек.

Біз бәсекеге қабілеттілік нормасы ретінде үш тілді меңгеру қажеттілігін жақсы түсінеміз. Ал, латын графикасы арқылы ағылшын тілін оңай үйренуге болады. Бұл – үштілділік саясатын жүзеге асырудың жақсы іргетасы болмақ.

 М.ФАТЕЕВА,

Қарағанды облысындағы

Қазақстан халқы

Ассамблеясының

Аналар кеңесінің мүшесі,

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button