Үштілді оқыту – қоғам талабы
Мемлекеттік және өзге тілдерде сөйлейтін жан-жақты мәдениетті және білікті тұлға тәрбиелеу мақсатында «Балақай» балабақшасында «Үштілділік – мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты мәдениеттілік тәрбие беру құралы» атты семинар өтті. Балабақша әдіскері (осы жолдардың авторы) экспериментті енгізу жоспары және іске асыру мерзімі туралы баяндама ұсынды. Ересек топтың балалары «ЭКСПО-ға қош келдің, Робик!» атты ұйымдастырылған оқу түрін ұсынды. Сабақта балалар интерактивті технологияларды қолданып, ана тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Педагогтер ағылшын тілін оқытуды «ЭКСПО» көрмесі негізінде зерделеп, технологиялық карталар және перспективалық жоспарды құру бойынша шеберлік сабақтар өткізді. Тіл меңгеру бойынша оқыту әдістемелері қатарына жұмыс дәптері, тілдік оқыту әдістемесі ұсынылды. Семинарға Қарағанды облысының 30-дан астам балабақша директорлары және әдіскерлері қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар пікір алмасты.
Құралай ХУСАЙНОВА,
«Балақай» балабақшасының әдіскері.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.