Спорт

Шорт-тректен күміс жүлде бұйырды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. 

Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі. 

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар.

Басқа материалдар

Back to top button