ЖаңалықтарҚарағанды

Шомылу маусымына дайындық – қызу

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы сүңгуірлері алдағы шомылу маусымына дайындықты бастап кетті. Қауіпсіз жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін сүңгуірлер өзен мен су қоймаларының түбін зерттеп, қоқыс қалдықтарынан тазартуда.

 

– Тұрғындардың қауіпсіз демалуын және шомылуын қамтамасыз ету үшін ТЖД құтқарушылары шомылуға және демалуға бөлінген жағажайлар акваторияларының учаскелерін тексеру мен тазалауды бастады. Тексеру шомылуға арналған қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі, – деп атап өтті ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік бөлімшесінің басшысы Владимир Гаврильков.

Су қоймасының түбін тазарту барысында, тек шомылуға рұқсат етілген аумағы ғана тазаланады. Сонымен қатар, ТЖД мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе коммуналдық жағажайларда су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпараты бар стендтер мен шомылуға арналмаған орындарға тыйым салу белгілерін орнатады.

Аймақта барлығы 76 рұқсат етілген және 240 шомылуға тыйым салынған орын бар. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқару бөлімшелері дайындық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қарағанды қаласында суға түсуге тыйым салынған орындардың тізімі жарияланды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button