Бас тақырып

Шеттегі өрт: жағдай тұрақты

Шет ауданының 3 ауылдық округінде, атап айтқанда Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлыда 21 шілдеде төтенше жағдай жарияланды. Ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсенбаев мұндай шара сақтық үшін қабылданғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өрт толығымен ауыздықталған. Желдің өртті көтеріп кету қаупі бар. Сондықтан, ауданда 24 сағат бойы кезекшілік қойылған.

Өрт ошағы таулы аймақта әрі күшті желдің салдарынан өрт өрши түсті. Сақтық үшін ауданның 3 елдімекенінде төтенше жағдай жарияланды. Бүгінгі таңда өрт толығымен сөндірілді. Соған қарамастан, өрт сөндіру үшін жұмылдырылған 13 техникамен 82 өрт сөндіруші, 8 техникамен 23 орман шаруашылығының қызметкері, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері 24 сағат бойы кезекшілікке қойылды. Тұтану ошақтарының алдын алу үшін бақылау қатаң, – дейді Дәурен Құралбекұлы.

Аудан әкімінің орынбасары мұндай шара өрт қаупі бар жерлерді тексеру үшін қабылданғанын жеткізді. Белгілі болғандай, елді мекендер мен тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.

– Өрт сөндірушілер, орман шаруашылығының қызметкерлері, еріктілер өрт ошақтарында кезекшілікте. Үш аймақты орталықтандырылған штабтың толық қадағалауында. Тоғайлы жерлерді орман шаруашылығының қызметкерлері, таулы аймақты өрт сөндіру қызметкерлері, ал, елдімекендер мен жазық аймақтарды еріктілер бақылауда ұстап отыр, – дейді Дәурен Кәрсенбаев.

Нақты қанша гектар жер өртенгені жағдай тұрақтанған соң белгілі болады.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button