Шетелдік көліктің алғашқысы тіркелді

Қарағандыда ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікке берілген бірінші номер тіркелді. Дәлірек айтқанда, 5 ақпанда Қарағанды қаласының мамандандырылған ХҚКО-да Ресейден әкелінген көлікке  алғашқы уақытша номерді  Александр ПОДШИБЯКИН алды.

«2019 жылы шығарылған «Toyota Rav 4» автокөлігінің қозғалтқыш көлемі – 2.0 текше см. Көлік иесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (КҚТК) және бастапқы тіркеу үшін арнайы мемлекеттік төлемдерін төледі», – дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

1­4 ақпан аралығында Қарағанды облысының Мамандандырылған ХҚО­ға уақытша тіркеу туралы кеңес алуға 136 автокөлік иесі жүгінген. Автокөліктердің 99-­ы Ресей Федерациясынан, 27-­сі Армениядан, 10­-ы Қырғызстаннан және 1-­і Беларусь елінен әкелінген.

Өз тілшімізден.