Шеңбер ауылының энциклопедиясы әзірленуде

Ұлытау ауданы Шеңбер (Қорғасын) ауылының энциклопедиясы әзірленуде.

Энциклопедияға өңірдің арғы-бергі тарихына, танымал тұлғаларына қатысты дерек-дәйектер топтастырылуда. Сондай-ақ, ауылымызға тікелей және жанама қатысы бар кешелі-бүгінгі айтулы азаматтардың, яғни, Шеңбердің төлтумаларымен бірге, кезінде ауылымызда еңбек етіп, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан адамдардың өмірдеректері де жинақталуда.

Ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 8 776 198 63 51 нөміріне хабарласыңыздар немесе мына электронды поштаға жолдаңыздар: shenber_enciklopedia@mail.ru

Деректер 2020 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.

Ақылдастар алқасы.