Жаңалықтар

Шаршы алаңдағы бәсеке

Қарағандыдағы Г.Головкин атындағы спорт кешенінде жасөспірімдер арасында бокс турнирі өтті. Тартысқа толы бәсеке төрт күнге созылды.

Үш жүзден астам жас спортшы шаршы алаңда бабы мен бағын сынады. Нәтижесі сол, жалпыкомандалық есепте Головкин есімін иеленген спорт кешенінің шәкірттері топ бастады. ІІ орында – №76 орта мектеп құрамасы. Үздік үштікті Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының боксшылары түйіндеді.
Сондай-ақ, Әділет Сәрсенбаев – Евгений Рязанов кездесуі «Турнирдің үздік жекпе-жегі» ретінде танылып, боксшыларға Генаның қолы қойылған былғары қолғап табыс етілді. Ернар Абсадықов – «Турнирдің үздік боксшысы» атанса, Нұрислам Бекен «Үздік техника» аталымын иеленді.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button