Шахтинск пен Саранда балабақшалар жеңілдік ұсынуда

Бұдан былай Саран мен Шахтинск қаласында тұратын көпбалалы отбасылар балабақшада ұсынылатын тағамның тек жарты бағасын ғана төлейді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев хабарлады.

  • Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, жазғы демалыстарын дұрыс ұйымдастыру, секциялар мен үйірмелерге тегін қатыстыру мәселелерін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 1-4 сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтарын ашу мәселесін шешеміз. Сонымен қатар, Саран және Шахтинск қаласында балабақшадағы тағамның тек 50% ғана ақылы болмақ. Ал, өзге өңірлерде әзірге бұл мәселені шешу жолдары қарастырылуда, — деді Есенғазы Иманғалиев.

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларда 15 507 бала тәрбиеленуде. Олардың ішінде 14 125 бала мектепте білім алса, 1 382 сәби балабақшаға барады.