«ШАХТЕРГЕ» сенім зор

Дүйсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ «Шахтер» футбол клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдады. Клубтың биылғы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміздің жаңа маусымға әзірлігі, бүгінгі хал-ахуалы әңгіме болды.

Осы жылы «Шахтер» футбол клубына былтырғы нәтижені жақсарту жөнінде міндет қойылуда. 2011-2012 жылдары Қазақстан чемпионатында «Шахтер» топ жарып, екі дүркін чемпион атанды. Естеріңізде болса, былтырғы маусымда қарағандылық клуб жоғарғы сатыдан көріне алмай ойынды төменгі нәтижеде тәмамдаған еді.

Маусым басталды, командаға жаңа ойыншылар келді. Қазір біз алтыншы орында тұрмыз. Бірақ, сіздер ойынды жақсартып, жанкүйерлерді қуантарсыздар деп ойлаймын. Әрбір аймақ өзінің футбол командасын жасақтау кезінде иық сүйейтін жергілікті мектебі болғаны дұрыс. Енді барлығы сіздердің қолдарыңызда. Жақсы жетістіктерге жететіндіктеріңізге сенімдімін, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы клубтың қаржылық жағдайы жақсарғандығын, футболшыларға маусымаралық кезеңде өз алаңында жаттығу жасауға мол мүмкіндік жасалатындығын тілге тиек етті. Және биылғы жылы қарағандылық футбол командасына 60 жыл толатынын еске салды. Сондай-ақ, 2013 жылдың футбол маусымында «Шахтер» футбол клубының 55 жылдық мерейтойы қабат келгендігін сөз етті. Осы жылы «Шахтердің» УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуі және алғаш рет Қазақстан Кубогының иегері атануы ерекше мақтанышпен айтарлық жетістіктердің бірі екендігін атады. Аймақ басшысы биылғы жыл біздің футболшылар үшін сәтті болатынына сенімін білдірді.

Команданың бас бапкері Владимир Журавель өзінің тәлімгерлері жақсы ойын көрсетуге бар күш-жігерін салатындығын айтты.

Команда қайта жаңартылып құрылып жатыр. Бұл да белгілі бір маңызды мәселе. Дегенмен, клубтағы жағдай жақсы деп айта аламын. Біз жанкүйерлердің үмітін ақтау үшін барлығын жасауға тырысамыз, – деді В.Журавель.

Өз кезегінде «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев облыс басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Командаға жүктелген міндетті, артылған үмітті ақтауға уәде берді.

Сонымен қатар, облыс әкіміне футболшылардың жаңа құрамы таныстырылды. Қазіргі кезде команда жаңа құраммен 50 пайызға жасақталған. «Шахтер» сапында 25 ойыншы бар екен. Оның 14-і – жергілікті жігіттер көрінеді. Команданың орташа жасы – 23 жасты құрайды.

Бүгінде клуб жаңа маусымға дайындықты қызу жүргізуде. 7 сәуірде Теміртауда «Жетісу» футбол клубымен кездеседі.

Кездесу соңында команданың капитаны Евгений Тарасов әкімге естелік ретінде арнайы тігілген жейде мен футбол добын сыйға тартты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.