Жаңалықтар

«Шахтердың» қарсыластары белгілі

           «Шахтер» футбол клубы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын ширата түсті. Қарағанды клубы құрамын әлі нығайтып жатыр. Сонымен қатар, жуырда қарағандылықтар жаттығу жиыны барысында төрт жолдастық кездесу өткізетіндігін мәлімдеді.

Қарсыластары да белгілі – «Заря» (Луганск, Украина), «Бананц» (Ереван, Армения), «Пролетер» (Нови-Сад, Сербия) және «Динамо» (Тбилиси, Грузия). «Шахтер» бұл командалармен 11,14, 18 және 22 ақпан күндері кездеседі. «Шахтер» футбол клубының  ойыншылары екінші жаттығу жиынының маңызды болатындығын баса айтып отыр. Осы жиында команда жасақтау мәселесіне де, ойын өрнегін қалыптастыру жүйесіне де, футболшылардың күш-қуаттарын жетілдіре түсуге де ерекше мән берілген көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button