Басты тақырыпСпорт

«Шахтердің» қарсыласы – «Арсенал»

      Қарағандылық «Шахтер» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. 8 қаңтарда басталған жаттығулар 28 қаңтарға дейін созылмақ. Бүгінде «Шахтермен» кездесетін футбол ұжымдарының алғашқылары анықталды.

      Алдымен жерлестеріміз румындық І лиганың өкілі «Политехника» командасымен кездеседі. «Политехника» – өз лигасында 9-шы сатыда келе жатқан ұжым. Ойын 15 қаңтарға жоспарлануда.

     «Шахтердің» келесі қарсыласы «Арсенал» болмақ. Аталған тулалық клуб – Ресей Премьер-Лигасында 15-ші сатыда. Матч 23 қаңтарда өтеді деп күтілуде.

      Сондай-ақ, қарағандылықтар сапы жаңа ойыншылармен толығуда. «Sports.kz» басылымының мәліметінше, британдық Кореде Айегбуси алдағы маусымды «Шахтер» сапында өткізеді.

      Тамыры нигериялық футболшы – 28 жаста. Бұған дейін АҚШ, Финляндия, Швейцария, Германия, Иран, Швеция елдерінің клубтарында ойнаған.

     «Шахтерде» өнер көрсетуі бек мүмкін тағы бір футболшы – нигериялық орталық қорғаушы Овие Мондэй.

      Мондэй – 24-те. Молдованың «Милсамиінде» төрт маусым өткізіп, Кувейттің «Әл-Араби» клубының құрамында ойнаған. Кейін Молдоваға қайта оралып, Кишиневтің «Зимбру» командасына алынды. Бұйыртса, Мондэй қарағандылық клубтың намысын қорғамақ.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button