«Шахтерде» жаңа бапкер

Қазақстандық Игорь Солошенко футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

И.Солошенко 1979 жылы 22 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жергілікті футбол мектебінің түлегі. Ол бұған дейін «Шахтер», «Жеңіс», «Аят», «Тобыл», «Ақжайық», «Ертіс» және «Оқжетпес» командалары сапында ойын көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасында жүріп 11 кездесуде өзін көпшілікке  танытып үлгерді.

«Шахтер» командасында 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2007-2009 жылдарда қола жүлдені де қанжығасына байлаған. Сондай-ақ, «Жеңіс» құрамында Қазақстан кубогін жеңіп алса, «Тобыл» командасында чемпионаттың күміс жүлдесін иеленген. Ойыншы мансабын аяқтаған соң, «Шахтер» футбол орталығында бапкер қызметіне ауысты. Негізгі команданың физикалық дайындығына жауапты маман, спорт директоры болды. Соңғы үш маусымда «Шахтер-Болат» командасының бас бапкері болып еңбек етті. Бұған дейін «Шахтердің» бас бапкері қызметін Вахид Масудов атқарған еді. Ендігі жерде жаңа бапкердің тың тактикасы кеншілер командасының ойынынан бой көрсетпек.

Оrtalyq.kz