Спорт

«Шахтер» шаң қауып қалды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасымен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша шымкеттік клуб өз тарихында алғаш рет чемпион атанды.

 

Алғашқы минуттан-ақ шымкенттік клуб ойынды қарқынмен бастады. Нәтижесінде, 4-ші минутта – Айбар Жақсылықов, 12-ші минутта – Шахбоз Умаров, 27-ші минутта – Артем Беседин «Шахтердің» қақпасына қатарынан үш гол салып үлгерді.

Өкінішке қарай, жерлестер тарапынан тек Темур Чогадзе 47-минутта есеп алшақтығын қысқартты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ел чемпионы атағын 10 команда иеленген. Оның ішінде елордалық «Астана» клубы 7 мәрте жеңімпаз атанған. Павлодардың «Ертіс» және «Ақтөбе» клубы – 5, алматылық «Қайрат», семейлік «Елімай», елордалық «Жеңіс» – 3 мәрте, Қостанайдың «Тобылы» мен Қарағандының «Шахтері» – 2 мәрте, «Тараз» клубы 1 мәрте жеңіс тұғырынан көрінген.

Ал, «Ордабасы» алғаш рет чемпион атанды. Шымкенттік клуб бұған дейін 2017 және 2019 жылдары қола жүлдеге қол жеткізген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button