Спорт

«Шахтер» – «Насаф». 2:0

   Белорусь бапкері Владимир ЖУРАВЕЛЬДІҢ жетекшілігімен жаттығуға кіріскен «Шахтер» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Түркияда жүрген жерлестеріміз өзбектің «Насаф» клубын тізе бүктірді.

Өзбек клубымен өткен ойын тартысқа толы болды. Қарсылас та осал емес. Бұл команда былтырғы маусымда ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Журавель ойын басында-ақ екі ойыншыны алмастыруға мәжбүр болды. Сергей Хижниченко мен Вячеслав Путинцев жарақат алып қалды. Оларды Жан-Әли Пайруз бен Айдос Тәттібаев алмастырды.

Есеп 23-ші минутта ашылды. «Оқжетпестен» ауысып келген Сергей Шафф қақпашыны қапы қалдырды. 1:0.

Екінші таймда Пайруз, Шафф, Максим Галкин мен Михаил Габышевтің орнына Айдос Орал, Оралхан Өміртаев, Кирилл Пасечник пен Руслан Әлімбаев алаңға шықты.

76-шы минутта қарағандылықтар есепті еселеді. Кирилл Пасечник допты қақпаға баспен тоғытты. 2:0.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button