«Шахтер» көш бастап келе жатқан «Қызылжарды» жеңді
Футболдан ел чемпионатының VIII турында қарағандылық «Шахтер» клубы өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудің алғашқы бөлігінде таблодағы есеп еш өзгермеді. Десе де қарсыластар допқа иелік етуден алдына жан салмады. Тіпті, қақпаға бағыттаған соққы санымен де ерекшеленді. Алайда, ойынның 59-шы минутында қызылжарлық қорғаушы Иван Граф «қызыл» қағаз алып, алаңнан қуылды.
Ойынның 62-ші минутында алаң қожайындары есеп ашты. Айып добын орындаған Темур Чогадзе мүмкіндігін мүлт жібермей, қақпаға допты тоғытты.
Осылайша, Темурдың жалғыз голы ойын тағдырын шешті. 19 ұпаймен көш бастап келе жатқан петропавлдық клубты жеңді. Десе де, қарсыластар осы ойыннан ұпай еншілей алмай кетсе де, турнир кестесіндегі өз орынын берген жоқ. Одан кейінгі орында 18 ұпаймен – елордалықтар. Үздік үштікті 17 ұпаймен «Ордабасы» клубы түйіндеп тұр. Ал, қарағандылықтар әзірге 8 ұпаймен – ХІ сатыда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz